Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тараздағы жарылыс: Облыс әкімі қайтыс болған азаматтың үйіне барып, көңіл айтты

28 ақпандағы ахуал бойынша, Тараздағы жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны – 9. Олардың үшеуі көз жұмды. Қайтыс болған азаматтардың тұлғасы анықталды. Облыс әкімі жарылыс салдарынан көз жұмғандардың бірінің отбасына барып, көңіл айтты, деп хабарлайды Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Тараздағы жарылыс: Облыс әкімі қайтыс болған азаматтың үйіне барып, көңіл айтты

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы көпқабатты үйде орын алған жарылыстан қайтыс болған Бексұлтан Темірханұлының Жамбыл ауданында тұратын отбасына арнайы барып көңіл айтты. Жаназаға қатысқан Асқар Исабекұлы марқұмның ата-анасы, туған-туыстары мен бауырларына жолығып, қайғылы жағдай барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырғанын жеткізіп, қазаның арты қайырлы болуын тіледі.

Тараздағы жарылыс: Облыс әкімі қайтыс болған азаматтың үйіне барып, көңіл айтты

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде жарылыстан зардап шеккен 4 адам ауруханада жатыр.

«27 ақпанда сағат 16:00-де Остапенко Л. өкше сүйегінің сынуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр», – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, ауруханада жатқан Сағымбеков мен Арапбек Айжанның жағдайы әлі де ауыр. Ал Сағымбек Аяжан мен Остапкеноның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр.

Зардап шеккендерге толыққанды ем жүргізіліп, қажетті дәрі-дәрмек берілуде.

Айта кету керек, қазіргі кезде облыс әкімдігінің қолдауымен зардап шегушілерге барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Атап айтар болсақ, апат болған үйдің 100-ден астам тұрғынына №47 мектепте ыстық тамақ беріліп, психологиялық-медициналық көмектер көрсетілуде. Сондай-ақ, зардап шегушілер қаладағы № 13 «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдегі бір подъездегі бос пәтерлерге уақытша орналастырылды. Олардың жағдайы тұрақты бақылауда болады. Сондай-ақ, қаза болғандардың отбасына 1 миллион теңгеден ақшалай көмек берілді. Қазіргі таңда, оқиғаға байланысты құрылған арнайы комиссия зерттеп-зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Барлық шығындар анықталған соң, жапа шеккендерге толығымен қажетті көмектер көрсетілетін болады.

Еске сала кетсек, кеше таңертең Тараздағы көпқабатты үйде жарылыс болғанын хабарлаған едік.

Айта кетсек, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға орнына ұшып кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр