Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы түрмеде үйлену тойы өтті

Тараздағы 158/4 түзеу мекемесінде жас жұбайлар шаңырақ көтерді. Бір-біріне ынтық жандар бұл күнді 7 жыл күткендерін айтады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

2

Екі жасты толыққанды отбасы деп айтуға негіз жоқ. Өйткені күйеу жігіттің бостандыққа шығуына әлі бес жыл бар. Тілшіміз Руслан Әбдіхалық темір торда қиылған некеге куә боп қайтты.

Астанада қызмет істейтін Ботагөз Айбекова күні кеше Таразға жетіпті. Оның болашақ күйеуін көрмегеніне біраз уақыт болған. Сондықтан бойында қобалжу бар. Қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқан Оралбек Ахановта тіптен маза жоқ. Бірнеше күннен бері ұйқысыз түндерді өткізген ол, ақыры қалыңдығымен қауышты. Осылайша екі жас төрге шақыртылып, оларға көшемет көрсетілді.

Оралбектің жасы 38-де, Ботагөз одан екі жас үлкен. Екеуі де бір ауылдың тумалары. Бұрыннан көңілдері жарасқан жұп азаматтық некеде тұрыпты. Ортақ жалғыз қыздары бар. Өздері енді шаңырақ көтереміз деп жүргенде Оралбек есірткі сатты деген айыппен 12 жылға сотталған. Жеті жыл бойы байланыстарын үзбеген жұп, ақыры заңды түрде неке қиды.

“Осы уақытқа дейін бір-бірімізбен байланыста болдық. Сырласып, сырымызды айтып жүрдік. Енді Аллаға шүкір осы күнге жеткенімізге. Бақыттымын, әр қашанда бақытты болатынымзға сенемін”, – дейді қалыңдық Ботагөз Айбекова.

Оралбек әлі бес жыл жазасын өтеуі тиіс. Сондықтан Ботагөзге күйеуін күтуден басқа амал жоқ. Ал, биыл 158/4 колниясында осымен 10-шы жұп шыңырақ көтерген. Түрме басшылығы бүгінгі ерлі-зайыптыларға ерекше сый әзірлепті. Яғни, жас жұбайларға бал айын өткізуге жолдама бермесе де, мекемеде екі күн, екі түн бірге болуға мүмкіндік жасады.


Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда 150 жұптың үйлену тойының шығынын бір адам көтерген

Әлемдегі ең кішкентай ергежейлі жұптың өмірі (фото)

Меломен тобы жастарды жұптастырудың ерекше жолын тапты (видео)

Қазақ эстрада жұлдыздары жұптарын қалай қызғанатынын айтты

Талқылау