Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы «магнит бала» науқастарды дертінен айықтыра бастады

6 жастағы  Нұрдәулеттің күн санап ерекше қабілеті артып келеді. Балақай кейде оны түсінгенімен, кей уақытта қатты қиналады екен. Анасы болса оның дене қызуы 40 градустан артып, ешқандай дәрі-дәрмек көмектеспей қойған сәттері жиілеп бара жатқанын  айтып алаңдайды.

емші бала1

STAN.KZ сайтының Тараздағы тілшісі  Нұрдәулеттің үйіне барып, баланың жағдайы бойынша ата-анасымен сөйлесіп қайтқан еді.

емші бала

Бұған дейін Нұрдәулеттің бойындағы мангнитті атасының байқағаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Жарты жылдың ішінде Нұрдәулеттің  денесіне жабысатын заттардың көлемі де, саны да артқан. Тіпті ұялы телефонды денесіне жақындатқан сәтте тура бір магниттік күштің тартатынын сезуге болады.

емші бала.jpg3

Нұрдәулет өзін іздеп келген адамдарды бірде жылап, бірде жақтырмай, кейде тіпті бұрыннан білетін таныс кісіше жақсы көріп қарсы алады екен. Неге екені белгісіз сайтымыздың түсіру тобын көргенде балақай жылап жіберді.

емші бала.jpg2

Анасы Аиданың айтуынша бала өте зерек. Есеп шығару, әріп тану, тіпті тіл үйрену қиындық тудырмайды екен.

емші4

«Ұлымның ойлау қабілеті, сабаққа ден қоюы, есте сақтауы өте жоғары. Ал денесіне  бір-бірлеп жабысқан темір құралдары күн өткен сайын ұлғаюда. Бүгінде бойына бірнеше затты қатар жабыстыра алады. Күн өткен сайын түсініп болмайтын қабілеті ашылып келе жатқан сияқты»,- дейді Арыстанбектің анасы Аида.

Тұңғыштарының бойындағы ерекшелікке таң қалып жүрген ата-ана, Нұрдәулеттің өз қарындасын емдеп жазған сәттің куәсі болғандарын айтады.

емші бала8

«Бірде дене қызуы 40 градусқа көтеріліп, қатты қызыды. Дәрілер көмектеспеді. Елден естуімше мұндай жағдайда бала бойындағы қуатты сыртқа шығара алмай жатуы мүмкін екенін ойыма түсті. 4 жасар қызым ойнап жүріп болсын, ұйықтап жатып болсын қуығын ұстай алмай, зәрін жіберіп қоятыны есіме түсті де, ұлыма қарындасының іш-құрылысын емдеп көруін өтіндім. Нұрдәулет алақанын қарындасының қуығына қойып әлдене деп күбірледі. Сәлден соң қызымның ішінен «қырт» еткен дыбыс естіліп, шар етіп жылап жіберді. Міне сол күннен бері қызым төсекке де тамызбайды, ойнап жүріп кіші дәретін жіберіп қоятын әдеті де сап тиылды»,-дейді Аида.

емші бала5

Нұрдәулеттің  ата-анасы қазір баланы науқастарды дертінен айықтыруға салудан қорқады. Себебі, өзгенің бойындағы жағымсыз энергияны өз бойына тартқан бала, оны қайтып шығаруды білмейді, сол себепті  өзі ауырып қалуы мүмкін деп шошиды. Бірақ, бала күн санап тұйық болып бара жатқанын айтады. Анасы Аида  Нұрдәулеттен қарындасының қуығын ұстаған сәтте айтқан сөздерін сұрап, айтқыза алмаған.

«Мені ұлымның денсаулығы алаңдатады. Бізге мұндай тылсымды басынан кешірген адамның ақылы керек. Себебі Арыстанбектің өзі де күн санап тұйық болып барады. Тіпті  қарындасының қуығын ұстаған сәтте күбірлеген сөзін сұрасам айтқысы келмейді. Түсініксіздеу болып барады»,- дейді Арыстанбектің анасы Аида.

емші бала7

Нұрдәулеттің денесіне біз де темірден жасалған құралдарды жабыстырып көрдік. Байқағаным бойынша ұялы телефонды бала денесінен алғанда тартылыс күші қатты байқалады. Және қасық, шанышқыға қарағанда салмағы ауырлау заттарды денесі әсіресе  магнитке жабысқандай тартып тұрғаны білінді.

«Магнит әйел» атымен танылып, бүгінде 6 келі темірді 40 минут  денесінде ұстай алатын Қарлығаш Нығметова сәті түскенде Нұрдәулетпен кездесіп, бар ақыл-кеңесін беретінін айтты.

Талқылау