Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тараздағы көпқабатты үйдегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Тараздағы көпқабатты үйдің жарылуының салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтып берді.

Тараздағы көпқабатты үйдегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Сурет: Instagram/zellotaraz

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

№1 қалалық аурухана қызметкерлерінің сөзінше, зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген 4 адамның жағдайы қанағаттанарлық.

«Бір әйел басынан жеңіл жарақат алған. Көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Үш адам диагностикалық палатада жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ», – дейді ауруханадағылар.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарылыстан жалпы саны 6 адам зардап шеккен.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Тараздағы көпқабатты үйде жарылыс болғанын хабарлаған едік.

Айта кетсек, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға орнына ұшып кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр