Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы алапат өрт 30-ға жуық адамның өмірін жалмай жаздады

Орталықтағы көп қабатты үйдің бірі қызыл жалынға оранып, ондағы бүкіл тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келген, – деп хабарлайды КТК арнасы.

49_main

Фото: Voxpopuli.kz

Тоғыз адамды төтенше жағдай қызметкерлері шарпыған жалынның арасынан шығарып алды. Оның үшеуі балалар. Түтінге тұншығып, денесін күйік шалған жасқа толмаған сәби дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты деп отыр. Өрт үшінші қабаттағы пәтердің бірінде тұтанып, лезде күш алған екен. Үй иесі кішкентай баласымен от құрсауынан әзер қашып құтылыпты. Жалынды ауыздықтауға 9 техника мен 32 құтқарушы жұмылдырылған. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.


Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде жүргізуші көлігімен бірге өзенге құлап кетті (фото)

Ақтауда той кортежінде отырған жас жұбайлар терезеден оқ жаудырды (видео)

Өзбекстанда анализ тапсырған ер адам жүкті болып шыққан

Хан Шатырда ұры әйел құны 1 млн 700 мың тұратын тонды аңдып жүріп қолды қылды (видео)

Талқылау