Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда жолаушылар автобусы мен жедел жәрдем көлігі соқтығысты

Таразда жолаушылар автобусы жедел жәрдем көлігіне соғылды. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттіні Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Таразда жолаушылар автобусы мен жедел жәрдем көлігі соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы 3 мамырда орын алған. 

«Тараз қаласында «ГАЗель-32214» маркалы жедел жәрдем көлігі және DONG FENG маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды», - дейді департаменттегілер. 

Апат салдарынан автобус жолаушыларының бірі және жедел жәрдем көлігіндегі үш адам жарақаттанған. Зардап шеккендердің бәрі Тараздағы емдеу мекемелеріне жүгінді.

Артынша Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бас миы шайқалған баланы жедел жәрдем көлігімен тасымалдау кезінде жедел жәрдем көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысқанын хабарлады.3 адам шұғыл медициналық көмек алу үшін жүгінген. Олар жарақат алып, сүйегі шығып кеткен. Бір адам ауруханаға жатудан бас тартты.
 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр