Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жоғалып кеткен студент Алматыдан табылды

2 наурыз күні жоғалып кеткен Тараздағы политехникалық колледж студенті Виктор Прокопенко Алматы қаласынан табылды.

ccc

Сурет vk.com

 

Жамбыл облысының ІІД полицейлері  жедел іздестіру шарасын ұйымдастырып, Виктор Прокопенконы ата-анасына қайтарды.

Жамбыл облысының полицейлері і-сапармен Алматыға жіберіліп, жоғалған жігітті қала көшелерінің бірінен тапқан.

Виктордың айтуынша, ол өзінің іздеуде болғанынан мүлде бейхабар екен. Өйткені ол ешқандай әлеуметтік, ақпараттық сайттарға кірмеген. Осы уақытқа дейін жүк тасушы болып қызмет етіп, кез келген жерге түнеп жүрген.

«Бұған дейін оның жоғалуына әкесімен болған ұрыстың себеп болғаны жайлы хабарланған еді. Баласы одан әрі оқығысы келмейтінін, өзі ақша тауып, еркін өмір сүргісі келетінін айтқан екен», – дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта Виктор Прокопенко ата-анасының қасында.

Бұған дейін “ВКонтакте” желісінде жоғалған Викторға қатысты арнайы парақша ашылып, онда барлық ақпарат жарияланған болатын. Викторды іздеген еріктілер үш көріпкелге де барған екен.

Еске сала кетсек, 2 наурыз күні студент колледждегі сабағы аяқталғаннан кейін үйіне қайтып оралмаған болатын. Викторды арнайы полиция бөлімі мен еріктілер тобы іздестірген.

Талқылау