Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жайнамазды тепкен жаттықтырушы барша мұсылмандардан кешірім сұрады (видео)

Таразда оқушыларының намазын бөліп, жайнамазды аяғымен теіп жіберген спорт мектебінің жаттықтырушысы мұсылман қауымнан кешірім сұрады, деп жазады Stan.kz.

Таразда жайнамазды тепкен жаттықтырушы барша мұсылмандардан кешірім сұрады (видео)

Ол бұл әрекетінің лайықты емес екенін мойындап, діни сауаттылықтың болмауы оны осындай  теріс әрекетке итермеледі дейді.

«Күні кеше ғана ғаламторда тараған видеодағы теріс қылығыммен діни сауаттылығымның аздығын көрсетіп қойдым. Ашу-ызаға беріліп теріс әрекетке бой алдырдым. Сол себепті барша мұсылман қауымнан ата-аналардан, жамағаттан шын жүрегіммен кешірім сұраймын. Кешіріңіздер мені, бұл өте өкінішті жағдай болды. Ол өкініш өзекті өртеп барады. Жасағанымды мойныммен көретіп, барлық жазаны көтеруге дайынмын», – дейді Алмат Баетов өзінің видеожолдауында.

Ол бұл сөздерді күтпеген жерден айтты. Естеріңізде болса, өткен дүйсенбіде әлеуметтік желілерде Баетовтың жатын бөлмеге ұқсас бөлмеге кіргені түсірілген видео пайда болды. Ол уақытта бөлмедегі төсектің жанында 12-13 жас аралығындағы екі жасөсіпірім жайнамаз төсеп намаз оқып отырған. Ал, оларды көрген ер адам бірден «Мен саған таста деймін. Сендер бәрін улап болдыңдар» деп жайнамазды теуіп жіберді. Жаттықтырушы онымен қоймай намаз оқыған екі баланың желкесінен қойып қалған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау