Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жас жігіт басын қатерге тіге отырып, әйелдің ақшасын ұрылардан алып қалды

Жексенбі күні Таразда жас жігіт әйел адамды ұрылардан арашалап қалды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД-нен.

ұрыыыы
«Тараздың жекеменшік секторындағы үйдің қасында бетін бүркеген екі адам әйелді аңдып, қолынан ішінде ақшасы бар сөмкесін жұлып алды. Сөмкенің ішінде 2,5 млн. теңге көлемінде ақша болған. Әйел айқайлап, оларға қарсылық танытпақ болды. Осы кезде олардың жанынан «Газель» көлігі өтіп бара жатқан. Оның ішінен жас жігіт секіріп түсіп, әйелге көмекке асықты. Әйел полицияға хабарласып үлгерді», – деп баяндады   облыстық ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Қалижан Шоңғарбаев.

Оның айтуынша, тонаушылар жас жігіттің аяғына оқ атты, әйел аман қалды. Оқиға орнына келіп жеткен полиция патрулі шабуыл жасағандарды ұстады. Қарақшылық шабуыл жасағандар да, «Газельден» түсікен жігіт те Тараздың 1994 жылғы тұрғындары болып шықты.

«Шабуыл жасағандар ешқайда жұмыс істеймейді, олар қамауда отыр, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Шоңғарбаев.

Жамбыл облыстық ІІД-нің хабарлауынша, құқық қорғау ведомствосы өміріне қауіп төніп тұрса да, өзіне бейтаныс әйелге көмекке асыққан 22 жастағы жігітке алғыс білдіріп, награда ұсынбақ.
«Ол дәрігерлік көмек алып, қазіргі кезде үйіне жіберілді. Мұндай батырлықты мадақтау керек», – дейді Қ.Шоңғарбаев.

Талқылау