Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жаппай төбелес болып, жас жігіт көз жұмды

Таразда 2 қыркүйек күні бір топ жігіт төбелесіп, соңы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қаладағы “Барбарис” дәмханасында болған. Төбелес кезінде 23 жастағы жігіт жараланып, ауруханаға жеткізілді. Алайда миына қан құйылып, есін жимастан көз жұмды. Жігіттің бас ми жарақатын алғаны айтылды.

Оқиғақа қатысты 21,22 жастағы үш күікті ұсталды. Олар бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Іс қозғалып, тергеу жүруде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау