Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда зейнеткер бесінші қабаттан құлап, сұлулық салонының шатырына түсті

Егде әйел сол қолын шығарып алып, ауруханаға жеткізілді. Таразда әжей бесінші қабаттан құлап, дәл сұлулық салонының шатырына түсті.

Сұлулық салонының шатырынан өздігінен түсе алмай тұрған әжені көшедегілер көріп қалған. Олар, дереу жедел құтқару қызметіне қоңырау шалып, жедел жәрдем шақырды.

Бұл туралы Жамбыл облысының өтенше жағдайлар департаментіне сілтеп, Stan.kz  хабарлайды.

Әжені құтқаруға №3 кезекші бөлімі төрт қызметкерімен келді. Егде әйел құлаған кезде сол қолын шығарып алған, одан басқа дене жарақаты жоқ.

«Рүстем Ахметов пен Ақыпбаев Айдын жәбірленушіге көтеріліп, оны арнайы құрылғының көмегімен төмен түсірді», – деп түсіндірді төтенше жағдайлар департаментінен.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысында ірі жол апаты: 1 адам қаза тауып, 10 адам жарақаттанды

Шығыс Қазақстан облысында 8 жасар бала моншаға түсемін деп жазым бола жаздады

Ақмола облысында өртенген үйден үш ер адамның мәйіті табылды

Көкшетауда екінші сынып оқушысы кәріз құдығына құлап кетті

Талқылау