Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда вандалдар бейт басындағы металлды ұрлап жүрген

Таразда вандалдар қабірдегі қоршаулардың түгін қалдырмай тонап, моладағы ескерткіштерді қиратып астындағы шойын металды тасып жатыр.

1

Ал, вандалдармен күресіп шаршаған  зират күзетшілері полицейлерден көмек сұрап отыр. Соңғы бір аптада 12 ұры қолға түсіп тәртіп сақшыларына тапсырған, деп хабарлайды КТК.

Моланы тек түнде ғана ұрлайтын  ұрылар енді тапа-тал түсте тонап жатыр. Тіпті, үш күн бұрын зираттың күтіміне жауапты мекеме басшысының өзі қарақшылардың үстінен түскен. Жеті қабірдің қоршауын көліктеріне тиеп үлгергендер қашып құтыла алмаған.

-Бізге керек болып тұрғаны бұны кім қабылдайтындар, қабылдау пункті дейміз де солар. Қай жерге бұлар өткізіп жатыр, кімдер жіберіп жатыр бұларды? – дейді жерлеу рәсімін ұйымдастыру мекемесінің директоры Қадірхан Абдуллаев.

Оның айтуынша, зират ұрылары күнде ұсталып жатады. Бірақ олар шығын көлеміне қарай айыппұл төлейді немесе қоғамдық жұмысқа салынады. Жаза тым жеңіл болғандықтан олар ұрлыққа қайта баратын көрінеді.

Зиратың алып жатқан жалпы көлемі 140 гектар.  200 мың қабірді күтіп ұстап, күзететін 35 адам жұмыс істейді.

Таразда метал қабылдайтын орындар жетіп артылады. Кәсіп иелері темір-терсектің қайдан келгенін тексеріп бас қатырмайды. Қабірден шыққан 80 келі шойын бар болғаны мың жарым теңгеге бағалаған.  Мұндай іске көбіне нашақорлар мен ішімдікке салынғандар барады.

Талқылау