Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздық "Өрмекші адам": күдікті полицейлердің көз алдында қашып кетті (видео)

Таразда тұтқындалушы полицейлердің көз алдында қашып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұтқындалушының қашқан сәті бейнежазба құрылғысына түсіп қалған. Кейін бұл жазба әлеуметтік желілерде жылдам тарап кеткен. Видеодан тұтқынның әйел адаммен құшақтасып тұрғанын көруге болады. Олардың жанында ішінде полиция қызметкерлері отырған қызметтік көлік тұрған. Ер адам оңтайлы сәтті пайдаланып, тез арада құбыр арқылы тікенек сыммен қоршалған қоршаудан асып өтіп, қашып кеткен. Полицейлер оны дереу ұстауға тырысқанымен уыстан шығарып алған.

Кейін белгілі болғандай, қылмыскер із жасырып үлгерген. Алайда кейінірек әлеуметтік желілерде тағы бір бейнежазба тарады. Онда бұдан алдын қашып кеткен сотталушыны тәртіп сақшылары ұстағаны туралы айтылады.

Жамбыл облысының полиция департаменті тұтқынның қашып кеткені туралы ақпаратты растады. Қашып кеткен ер адамның ұсталғаны хабарланды. Департамент толығырақ ақпаратты сәл кейінірек беруге уәде берді.  

Талқылау