Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” салымшыларына жаңа үйлер мерзімінен бұрын берілді

Конституция күніне орай Жамбыл облысының тұрғындары бағалы сыйлық алды – оларға өздерінің пәтерінің кілті табысталды. Жаңа қоныстанушыларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” облыстық филиалының директоры құттықтап келді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

– Бес қабатты үйді мердігер мерзімінен бұрын берді. Барлық пәтер таза өңделген және салымшыларға 1 шаршы метріне 116 000 теңге бағада ұсынылатын болады. Объектінің жанында интеллектуалдық мектеп, базар, спорттық кешен бар. Жаңа қоныстанушыларымызға бұл жер барынша ыңғайлы болады деген үміттеміз”, – дейді ТҮҚЖБ Жамбыл облыстық филиалының директоры салымшыларға.

Жаңа қоныстарын жалпы 80 адам атап өтпек. Оларға арналған “Арай” алқабындағы жаңа үй 2020 жылға дейін аймақты дамыту бағдарламасы аясында салынған болатын. Жаңа үйдің кілтін Тараз тұрғыны да алды. Ол екі бөлмелі пәтердің иесі атанды. Есепші үш жыл бұрын банкте депозит ашып, өзінің үйіне ақша жинай бастаған екен.

– Біздің аймақта көп адам осы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алды. Осы орайда, мен де олардан үлгі алуды жөн көрдім. Есепшот ашып, ақшамды депозитке салдым. Кейде 100 000, арасында 50 000, тіпті 10 000 ғана салатын кездерім болды. Пул жарияланғанда, өтініш жаздым. Қалауыма қол жеткізгеніме әлі де сене алмай тұрмын”, – деп қуанды Лаура Қозыбаева.

Бұдан өзге аймақта 6 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталмақ. Объектілер “Нұрлы жол” бағдарламасының аясында тұрғызылып жатыр. Келесі жылдан бастап жаңа пәтерлердің 1 шаршы метрі 116 мың теңгеге берілетін болады.


Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да саманнан салынған үйді кепілдікке қойып «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» несие алуға болады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2016 жылдың 25-ші маусымында өтемақының алғашқы траншын төлей бастайды

Германияда “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” мен Баушпаркассе Швебишь Халль өкілдері екіжақты кездесу өткізді

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» келісім шартқа отырудың аяқталуына 43 күн қалды

Талқылау