Таразда тұрғын үйдегі жарылыстан көз жұмғандардың отбасына миллион теңгеден беріледі

Таразда тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан көз жұмған азаматтардың отбасына миллион теңгеден беріледі. Қаржы қалалық әкімдік бюджетінен бөлінеді, деп хабарлайда әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Таразда көпқабатты үйдің жарылуынан көз жұмғандар саны 3 адамға жетті

«Бүгін Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың бұйрығымен нысанды төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, бұл бағытта сақтық шарасы ретінде жыл басында бюджеттен 91,5 миллион теңге қарастырылған. Осы жағдайға байланысты нақты шығындарға талдау жүргізіледі. Қажет болған жағдайда облыстық қазынадан қаржы бөлінеді», – делінеді әкімдік хабарламасында.

Еске сала кетсек, кеше таңертең Тараздағы көпқабатты үйде жарылыс болғанын хабарлаған едік.

Айта кетсек, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға орнына барды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр