Таразда төбелес кезінде жас жігіт қаза тапты: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Таразда түнгі клубта жаппай төбелес болып, салдарынан 23 жастағы жігіт көз жұмды. Дархан Құрмашевті бір топ жігіт тепкіге алған. Алған жарақатының салдарынан жас жігіт емханаға жетпей қайтыс болған. Анасының айтуына қарағанда, әзірге күдікті 4 жігіттің тек екеуі қамауға алыныпты. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Таразда төбелес кезінде жас жігіт қаза тапты: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Қалған кінәлілер бостандықта жүргендіктен, марқұмның жақындары кінәлілер жазасыз қала ма деп қорқады.

Марқұм Дарханды сол күні Астана мен Көкшетаудан келген достары ертіп әкеткен. Түнгі клубтың алдында оған төрт бірдей жігіт жабылыпты. Бірі Дарханды теуіп құлатса, қалғандары жабыла кеткен. Алайда күдіктілердің тек екеуі қамауға алыныпты. Жақындарының айтуына қарағанда, үшінші жігіт қолхатпен босатылған, ал төртіншісінің есімі күдіктілердің ішінде мүлдем жоқ екен.

“Күдіктілер 4 бала. Балам солардың қолынан қаза тапқан. Бірақ төртіншісіне қылмыстық іс қозғалып отқан жоқ. Аты да, жөні де, тергеуде ол туралы ештеңе жоқ. Бірақ біздің қолымызда айғақтар тұр”, – дейді марқұмның анасы Светлана Маутанова.

Өлім оқиғасымен аяқталған төбелестің неден басталғаны белгісіз. Марқұм Дархан төбелесе жөнелген топты ажыратамын деп соққыға жығылған деген болжам айтылуда.

23 жастағы Дархан бір үйдің жалғыз перзенті. Марқұмның артында жары мен 1 жасқа да толмаған қызы қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар