Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда «Тегін нан» акциясы өтіп жатыр

«Ерекше мұқтаж жандар үшін тегін нан» акциясы қайырымдылық есебінен ұйымдастырылған. Қала кәсіпкерлері тұрғындардың осал топтарын осылайша қолдауды шешіпті.

004-2-640x480

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Ниет білдірген кез келген адам, егер шынымен мұқтаж болса, бөлке нанды тегін ала алады. Дүкендерде нан сенім принципімен таратылуда», – деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Шара бес жекеменшік және он әлеуметтік азық-түлік дүкенінде басталған. Әрбір дүкенге бүгін 100 бөлке нан әкелінді. Бұл акция өткізіліп отырған адамдардың арасында зейнеткерлер, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар бар.

Ұйымдастырушылар әлеуметтік акцияны Жамбыл облысындағы басқа аудандардың кәсіпкерлері қолдайтынын күтіп отыр.

Талқылау