Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда сотталған боксшылардың туыстары “істі полицейлер бұрмалады” деп отыр

Таразда адам ұрлап, ақшасын тартып алды деп сотталып кеткен боксшыларға жала жабылған көрінеді.

9

 Бүгін Алматыда олардың әке-шешелері журналистерге осылай айтқан, деп хабарлайды КТК.

Олардың айтуынша, қос боксшыны атышулы Қырықбаевтарға қатысы бар деп қамауға алған. Алайда спортшылардың еш жазығы жоқ екен. Тіпті ұлдарының кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтары да жетерлік. Бірақ сотта оған  ешкім назар аудармапты.

– Біздің балаларымыздың Қырықбаевтарға еш қатысы жоқ. Полицейлер істі бұрмалап, солай көрсетіп отыр. Демек, оларға біздің боксшыларымызды қамау керек болған, -дейді   Ерлан Әбдірайымовтың әкесі Орал Әбдірайымов.

Осыдан 9 ай бұрын Таразда төрт жігіт Қырғызстан азаматынан 1 миллион 600 мың теңгесін күшпен тартып алған. Тәртіп сақшылары көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстады. Олардың арасында бокстан бірнеше дүркін чемпиондары Мұрат Құралбаев пен Ерлан Әбдірайымов та бар.

Спортшылардың кінәсіз екенін жәбірленуші, қырғыз азаматы Эрнес Беремқұлов та айтып отыр. Ол ұсталғандардың арасынан тек біреуін ғана таниды. Ол – Бағлан Байғозиев. Күдікті жәбірленушіге келтірілген залалды толық өтеп берген екен. Сондықтан ол 6 жарым жылға сотталды.  Ең ауыр жазаны ағайынды Қырықбаевтардың бірінің ұлы алды.  Әке-шешесі қорғап отырған екі боксшы 8 жылға сотталды.

Қазір   әділдік іздеп Алматыға дейін келген ата-ана аппеляциялық шағым түсіріп, істің қайта қаралуын талап етіп отыр.

Талқылау