Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда сотталған азамат түрмедегі футбол үшін бостандықтан бас тартты

Таразда сотталған азамат түрмедегі футболдың финалына қатысу үшін, бостандыққа шығудан бас тартқан. Әйтпесе, сотталушының түрмеден жеті ай бұрын шығуына мүмкіндігі бар болыпты.

сотталған

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бұл түрмеде доп тебуге құмар жазасын өтеушілер арасында жыл сайын футболдан чемпионат өткізіледі. Тартысты турнирді тамашалайтын да, жанкүйері де түрме басшылығы. Биылғы ойында өз командасымен Мақсат Ықыласов шешуші кезеңге жолдама алған. Бұл сәтте сотта мерзімінен бұрын босап шығу өтініші қатар қанағаттандырылған. Бірақ ақтық ойында доп теппей кетіп қалуды қаламаған ол еркіндікке ертерек шығудан бас тартты. Финалдық ойынды түрмеде жеті ай күтуді жөн санапты. Онысына өкінбейді.

«Қалғаныма мен өкініп тұрған жоқпын. Дегенмен де әке-шешем бар күтіп отырған. Сол ертең аман – есен оралайын деп отырмын»,-дейді жазасын өтеуші Мақсат Ықыласов.

Команда капитаны Мақсат мақсатына жетті. Командасы алты да бес есебімен бірінші орын иеленді. «Футбол ойыны үшін ішкен асын жерге қойғанды көрдік, бірақ бас бостандығынан бас тартқанды бірінші рет көрдік деген прокурорлар сотқа мерзімінен ерте шығуы үшін қайта өтініш жолдады.

«Сотталған Ықыласов үшінші оң дәрежелі мінез құлықты, бес мадақтауы бар. Жазалаулары мүлдем жоқ. Түзелу жолына нақты тұрған себепті біз сотқа ұсындық»,-дейді Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры Саят Сейтжан.

Бұл өтінішке сот оң қабақ танытты. Күні бүгін Мақсат түзету мекемесінің 2016 жылғы чемпионы дәрежесімен бостандыққа шықты. Айта кетейік ол қасақана адам өлтірді деген айыппен жазасын өтеген.

Талқылау