Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда полиция подполковнигі желіде өзіне қатысты видео тарап кеткеннен кейін қызметінен қуылды (видео)

Таразда ішкі істер органдарынан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы, подполковник Сексенбаев қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін қызметінен қуылды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Таразда полиция подполковнигі желіде өзіне қатысты видео тарап кеткеннен кейін қызметінен қуылды

Биылғы жылдың 5 қаңтарында желіде полиция қызметкері түсірілген видео тарап кеткен еді. Видеода полицей мас күйінде қызметтік көлікті тізгіндеп, жол-көлік оқиғасын жасады деп айыпталуда. Видео кадрларынан формадағы адамнан аты-жөнін атауды сұрап жатқаны көрінеді. Мұнан кейін патрульдік көліктің нөмірін видеоға түсіріп алған.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Taraz LIFE (@taraz_life)

Аталған ролик қызметтік тексеріс жүргізілуіне себеп болды. Оның нәтижесі бойынша полиция подполковнигі қызмет тәртібін қатаң бұзғаны үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды.

«Сонымен қатар Жамбыл облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің және Тараз қалалық полиция басқармасының басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады», – делінеді хабарламада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау