Таразда педофил 8 жастағы қызды зорлап, артынан өлтіре жаздады

Бейсенбі, 28 Сәуір , 2016 22:11

Құдай сақтағанда, екінші сынып оқушысы азғыннан қашып құтылған. Әбден азапталған жеткіншек қазір хал үстінде жатыр. Оған екі мәрте ота жасалған. Енді тағы бір рет пышаққа түсуі тиіс,-деп жазады КТК арнасы.

операция

Ал күдікті көпке ұзамай қолға түскен. Сөйтсе, ол Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны екен. Ол қазір тергеу абақтысында жатыр. Мәліметтерге қарағанда, азғын жақында ғана түрмеден мерзімінен бұрын шыққан көрінеді

Сұмдық оқиға Шөлдала ауылы тұрғындарының төбе шашын тік тұрғызды. Тапа-тал түсте далаға ойнауға шыққан 8 жастағы қыз бірер сағаттан соң үйіне қан-жосасы шығып оралған. Сөйтсе екінші сынып оқушысын келесі көшедегі қараусыз жатқан үйде белгісіз бір азамат зорлапты. Ересек адамның қаршадай қызға көрсеткен қорлығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Атасының айтуынша, азапталған немересі сүйретіліп әзер жеткен.
-Сіздер іздедіңіздер ме?
-Жоқ, келді ғой өзі. Сосын білдік.

Жәбір көрген жеткіншек болған жайтты жақындарына баяндап берген. Дереу тәртіп сақшыларына хабар айтылып, полицейлер ізін суытпай оқиға болған жерге шұғыл жетіпті. Сөйтіп азғын сол жерде ұсталды. Ақсақалдың сөзінше, қаскөй масаң күйде болған.
-Сол жерде ату керек еді. Сол жерде өлтіру керек ондай адамдарды. Мал да істемейді ғой ондайды, бұзауларға мынадай бұқалар асыла ма?

Жәбірленуші балалар ауруханасында хал үстінде жатыр. Ішкі құрылыстарына қатты зақым келген. Осында түскен бойда, оған екі мәрте операция жасалған. Бүгін жансақтау бөлімінен жалпы палатаға шығарылғанымен, бірер күнде тағы бір ота жасалуы тиіс.
«Төменгі жағы бәрі жарылып кеткен. Жағдайы ауыр болды. Операиця жасап бәрін орнына келтірдік»,-дейді Жамбыл облыстық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Эльбрус Салпағаров

Белгілі болғаны азғын 29 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны екен. Педофилдің Таразда не бітіріп жүргені әзірге беймәлім. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу қапасына жабылған. Енді ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

17
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ату жазасын беру керек жексурнга

  • Белгисиз жан says:

    Иии мундай азгындарды тура ату керек.ондай адамдар тири журмеу керек.маскара.кудай сактасын.баримизде кыз тарбиелеп отырмыз.20жыл аз оган.ату керек.

  • Жұмбақ жан says:

    20 жыл ол айуанга аз ату жазасы берилсин. Не деген сумдык мынау. Кип-кишкентай периштерин омирин кор кылды гой. Ужас айтарга созим жок

    • Жұмбақ жан says:

      Азғындарды тайраңдатып қойған елбасымызға таңмын. Ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіру керек. Сүйегі ит құсқа жем болсын. Қалғандарына сабақ болсын.

  • Жұмбақ жан says:

    Ату керек

  • Жұмбақ жан says:

    Иттин баласын корлап олтиру керек

  • Жұмбақ жан says:

    20 жыл аз оган.

  • Жұмбақ жан says:

    Ондай онбаганга ату жазасын беру тиіс

  • Жұмбақ жан says:

    Маскара ату жазасы кайда? Бундай иттерге орын жок.

  • Жұмбақ жан says:

    Атаңанағлет иттің баласын ату керек 20 жыл аз оған..өтінем ату жазасын беріңіздер..қаршадай сәбиде несі бар оңбағанның..ана жерін пышақпен кесіп алу керек иттің баласының алла жазаңды аямай берсін

  • Жұмбақ жан says:

    Бир ак уким – кинап олтиру керек кузгунды!

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар