Таразда оныншы сынып оқушысы көлікте босанып, нәрестені жол жиегіне лақтырып кеткен

Бейсенбі, 14 Қаңтар , 2016 21:24

 Жамбыл  облысының  Талас ауданында оныншы сыныптың  оқушысы көлікте босанып, нәрестені жол жиегіне лақтырып кеткен. Ауыр жарақаттан жаңа туған сәбидің бас сүйегі жарылып,  бірден шетінеп кеткен. Қазір кінәлінің бірі ретінде босанған қыздың анасы қамауға алынды.

жаңа

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Шұғыл брифинг өткізген полицейлердің айтуынша, оқиға Талас ауданы, Үшарал ауылының маңында болған. Он алты жастағы қызын ерткен сол ауылдың тұрғыны көршісінің көлігін жалдап, Таразға бет алған. Ауылдан шыға бере аяғы ауыр мектеп жасындағы қыздың толғағы қысып, көлікте босанады.

Бұл сәтте жанында болған анасы көлікті тоқтатпай, жүріп бара жатқан жерінде-ақ сәбиді терезеден лақтырып кеткен. Болған оқиғадан соң баласынан безінген бойжеткен ауыр халде ауруханаға барады. Дәрігерлер бірден жаңа босанғанын біліп, полицияға хабар береді. Артынша тәртіп сақшылары Тараз-Ақкөл-Саудакент тасжолының бойынан, сәбидің өлі денесін табады. Қазір мектеп оқушысы ауруханада. Ал анасы уақытша қамау абақтысында. Шешесі полицияға берген алғашқы жауабында, “қызымның жүкті болғанын білмедім” депті.

«Мұндай қылмыстар үшін 15 пен 20 жыл аралығына дейін бас бостандығынан айырылады. Тіпті өмірбақи. Сондай-ақ, дүние мүлкі тәркіленеді»,-дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы Гүлчехра Зияутдинова

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Оқушының құқығы қазіргі таңда бірінші орында десем қателеспетін шығармын. Оқушыны ана болуға итермелеген адамды неге заң жүзінде жазаламаиды .Оқушы жыныстық қатынасқа түспек түгілі темекі сатып алуға.құқығы жоқ Темекі сатқан адамға да шара көріледі..Ол әлі бала кәмелеттік жасқа толған жоқ. Мектеп неге оған дейін жұмыс жүргізбеді оларға шара қолдану керек Ләззат Сейітжан Мақтарал

  • Жұмбақ жан says:

    Неге ол оқушы бола тура босанады. Оқушының сынып жетекшісі тәрбие завуч мектеп инспекторы оқушыны жыныстық қатынасқа итермелеген адамға шара қолданбады ма? ол оқушы.Заң барғой

  • Айнаш says:

    ЗаманЖаманболыпБарамаАлдеАдамдарЖаманБолыпБарамызбаКимдиКиналарсынМундаида.АдилдикБолсаЗанЖазасынБерер.КолыменИстегендиМоиныменКотерсинАиелдеЕркектеКолынСынгырКексеКатындаШофёрдидеЖазасызКалдырмауКерек.БаскаларгаАздапБолсадаСабакБолсын.КорыксынКудаидынЗаннынБарЕкенинен.КаталУкимШыгарыныздарАяушылыкБолмасынАитпесеЕртемеКешпеБулСумдыкКаиталанады.

  • Айнаш says:

    АкпенКараТекБирКудаигаЖанедеОсыКылмыскаКатысыБарАдамдарГанаАян.ЗаманАкырДегенОсыШыгар.КудаидынКозиТузуБолсын.НеАитарындыдаНеОиларындыдаБилмеидиЕкенсин.ЕсланБирКуигеТустикКоиКудаиауНеболыпБарамыз.

  • Айнаш says:

    КудаидынБарЕкенинУмытпандар.ТубиндеКудаиТабадыЖазасызКалмаиды.КаншамаКаргысАркалапЖатырОЖатырОздеридеОнбас.БаскаКыздаргаСабакБолатындаиЖазалауКерекКапирлерди.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар