Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда мектеп оқушысын зорлаған жасөспірім қолға түсті

Таразда мектеп оқушысына жыныстық зорлық көрсеткен жасөспірім ұсталды. Зардап шегуші болған оқиға жайлы тек жарты жылдан соң полицияға айтқан.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Полиция мәліметінше жасөспірім осы жылдың ақпан-наурыз айларында 2002 жылы туған Дударева А. есімді қызға жыныстық зорлық көрсеткен.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 121 бабы “кәмелетке толмаған адамға жыныстық мәндегі зорлық көрсету” негізінде іс қозғалып, сот алды тексеру жұмыстары басталды.

Алайда айыпталушының анасы ұлының ол қылмысқа түк қатысы жоқ екенін, тіпті қызды танымайтынын да айтады.

 

Талқылау