Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда лауазымды полицейлердің төбелесі “інішек” деген сөзден басталған

Таразда екі бірдей лауазымды қызметкерді пышақтаған бұрынғы полицей Мұрат Үмбетәлиевтің атышулы ісіне қатысты қызық деректер мәлім болып жатыр,-деп жазды КТК арнасы.

Айыпталушы мен Марсел Жетпісбаев арасындағы түсініспеушілікке алты ай бұрын айтылған бір ауыз сөз себеп болған көрінеді. Яғни, бір тойда аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы «Бамбук» лақап атымен белгілі білдей подполковникке «інішек» деп, оны ренжітіп алған.

«Сөзін бастамас бұрын  Жетпісбаев Үмбеталиевті  інішек деп атаған. Осыдан кейін келіспеушілік туындаған. Мен Мұратқа түсіндірдім, олар  келісімге келгендей болып тарасты»,-дейді жәбірленуші Ерлан Бектұрғанов.

Марсел Жетпісбаев артынша бірден кешірім де сұраған екен. Бірақ оның бір ауыз сөзі «Бамбуктың» көкейінде көпке дейін сақталып қалса керек.

Себебі кезекті думанды кеште ол тілек айтып тұрған Ерлан Бектұрғановтың сөзін бөліп жіберіп, Жетпісбаевты көрген бойда оған «қуғынбай» деп тиіскен. Сол сәтте Марсел үндемегенімен, оны қорғап Бектұрғанов Үмбетәлиевке қарсы шығады.

Бірақ, жігіттер сол жерде дауды ушықтармай тарап кетіп, кейін  екеуі «бамбукты» үй жағына іздеп барып төбелескен. Еске салсақ, тамыз айында облыстық экстремизге қарсы күрес басқармасының бастығы өзінің әріптесі криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Бектұрғанов пен аудандық қалыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсел Жетпісбаевты «Арай-Плаза» бизнес орталығы маңында пышақтаған болатын.

Мұрат Үмбетәлиев сол жерде екеуін бірдей жарақаттап, өзі із суытқан. Бірақ, бір аптадан соң әріптестеріне өзі берілген. Енді ол «екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу» бабы бойынша жауапқа тартылуда.

Оқи отырыңыз:

Бердібек Сапарбаев халықты бір, өзін екі алдаған аудан басшысына шүйлікті

Маңғыстау-Атырау пойызының бригадирі толғағы қысқан жолаушыны вагонда босандырды

Маңғыстау-Атырау пойызының бригадирі толғағы қысқан жолаушыны вагонда босандырды

Асхат Садырбай: Мәйіт шығатын үй ас бермеуі керек

Жұма күні кір жууға бола ма?

Ресей Қазақстандағы полигонда зымыран шабуылына қарсы сынақ жүргізді

 

Талқылау