Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда қызмет көліктері жұмыстан тыс уақытта мейрамхана маңынан табылған

Таразда Мойынқұм ауданының әкімі аппаратына берілген «SSan Yong Kyron» көлігі жұмыстан тыс уақытта жүрген жерінен тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізуші Башкеев жол қағазынсыз жүргені мәлім болды.

20151212085642

ҚР Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта қызмет көлігін пайдалану жағдайында құқықбұзушылықтарды тексерді.

Екі күн бойы тексеру шарасының қорытындысын департамент жетекшісінің орынбасары, дисциплинарлық кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық  кеңестің бірлескен отырысында мәлімдеді.

20151212085651

Көрсеткіш бойынша ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612 бабы, 1 бөліміне сәйкес, әкімшілік протокол тіркелді. Мемлекеттік қвзметкерлер қызметтік көліктерін рұқсат қағазынсыз жұмыстан тыс уақытта пайдаланғаны анықталған. Мәселен, 7 қарашада Таразда Мойынқұм ауданының әкімі аппаратына берілген «SSan Yong Kyron» көлігі жұмыстан тыс уақытта жүрген жерінен тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізуші Башкеев жол қағазынсыз жүргені мәлім болды. Сонымен қатар, облыстықтөтенше жағдайлар департаменті Сандыбековтың жүргізушілері «ВАЗ-21310» көлігімен ұсталды.

Сондай-ақ, 14 қарашада облсытық жастар ассоцияциясы жүргізген рейдтік тексері кещзінде 5 қызметтік көліктің жұмыстан тыс уақытта мейрамхана маңында тұрғаны анықталды. Облыстық әділет департаментінің сот істерін орындауфилиалының жетекшісі Ж. Есенбековке және облыыс әкімшілігінің экономика және бюджетті жоспарлвау басқармасына берілген көлік болып шықты.

Атаған әкімшілік құқықбұзушылықтарға қатысты жауапкершілікке тарту туралы мемлекеттік органдарға хат жолданды. Әрбір мемлекеттік қызметкер ҚР заңымен танысады. Сондықтан олар заңбұзушылыққа жол беріп, “ҚР мемлекеттік қызметкері” заңын орындамаған болып отыр.

Талқылау