Таразда Құран түрінде салынған жаңа мешіт ашылды

Сейсенбі, 24 Қараша , 2015 11:33

Таразда облыс орталығындағы исламның рухани ошағы қатарына жаңа мешіт қосылды, – деп хабарлайды Stan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

мешит
Қаланың орталық бөлігінде, «Қарахан кесенесі» ежелгі тарих ескерткішінің маңында салынған мешіт Қазақ хандығының 550 жылдығына әзірлік барысында құрылған «Қарахан аллеясы» сәулеттік кешенімен сәтті үйлесім тапты. Ғимараттың қасбеттік бөлігін сәулетшілер бірегей – ашылған Құран кітабы түрінде айшықтаған.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілі, Һибатулла Тарази мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаевтың айтуынша, қазіргі кезде бүкіл Қазақстандағы сияқты жамбыл өңірінде де исламның рухани ошағының өсуі үрдісі байқалады.

«Қасиетті Құранды оқып-үйрену, ислам мәселесінде білімді күшейту мұсылмандар үшін шынайы исламды жалған ағымдардан айырып, рухани білім алуға, діни ғұрыптарды дұрыс атқаруға жол ашады», – деді Тараз орталық мешітінің бас имамы.

Облыстық дін істері басқармасының мәліметтеріне қарағанда, бүгінде өңірде 326 діни бірлестіктер мен филиалдар өз жұмысын жүзеге асыруда.

Шамамен 270 мың жамбылдық мұсылмандар ханафи мазһабының сүнниттік жолын ұстанады.

Жамбыл облысының халқы 1, 107 млн. адамды құрайды.

 

мешит1 мешит2

мешит3

мешит5

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар