Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда көшеден табылған Әлиханның анасы бейімдеу орталығынан қашып кеткен

Тараздан табылған 4 жасар Әлиханның анасы Алтынай Байқоңырова санитарлық өңдеу кезінде дағдарыс орталығынан қашып кеткен, – деп хабарлайды Today.kz.

929819bc-9b1a-4afb-9752-604d3dc506b0

Дәл қазір оның қайда екені белгісіз. Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышевтың айтуынша, қазір оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Алтынай Байқоңырова санитарлық өңдеу жұмыстарынан өтуі керек болған. ол өзінің тұратын жері жоқ екенін айтқан. Біз оған көмек көрсетуге дайын едік. Бірақ, ол дағдарыс орталығынан қашып кетті. Мен оған дағдарыс орталығында құжаттарын рәсімдеп, кәмілетке толмағандарға арналған Бейімдеу орталығына бара алатынын айтқам. Екі орталық та осыдан 800 метр жерде орналасқан. Тіпті, автобусқа отырма-ақ, жаяу баруына болады. Ол әйелдің жасы 40-та. Оның не ойлағаны бар екенін білмеймін. Қазір сотта Алтынай Байқоңырованы ата-ана құқығынан айыру ісі қарастырылып жатыр, – дейді Еркін Қуанышев.

әйел-қашқан

Байқоңырованың Әлиханнан бөлек Ринат, Руслан атты екі ұлы барын айтқанбыз.

«Алтынай Байқоңырова баласымен кездесті. Кездесу кезінде ол Әлиханды құшақтаған да жоқ. Баласы да оған жақындамады. Анасы баспана таппайынша, бала бізде болады. Байқоңырова бізге балаларын тастап кетпейтінін айтқан болатын», – дейді Бейімеу орталығының басшысы Тоғжан Татаева.

Бұған дейін тастанды баланың ата-анасы іздестіріліп жатқанын, кейіннен анасының баласынан бас тартқанын хабарлаған едік.

Талқылау