Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда көпқабатты үйдің жарылуынан көз жұмғандар саны 3 адамға жетті

Таразда төрт қабатты үйдің жарылуының салдарынан көз жұмғандардың саны үш адамға жетті. Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны хабарланған еді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Stan.kz.

Таразда көпқабатты үйдің жарылуынан көз жұмғандар саны 3 адамға жетті

Сурет: Facebook/Kazakh Tours

2019 жылғы 27 ақпан күні сағат 06:21 минут шамасында Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына 103 желісі арқылы Тараз қаласы, 9-мөлтек ауданы, 61-үйде жарылыс орын алғаны және зардап шеккен азаматтар туралы хабарлама келіп түскен.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жалпы зардап шеккен азаматтар саны – алтау. Үш азамат оқиға орнында қаза тапқан.

3 науқас №1 және №2 қалалық аурухана және Жамбыл облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

«Үш науқасқа аурухананың қабылдау бөлімшесінде емдік іс-шаралар жүргізіліп, дәрігердің бақылауында болып, емдік іс-шаралар аяқталғаннан кейін амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне шығарылды. Ауруханада жатқан науқастар қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген», – делінеді хабарламада.

№47 мектеп базасына зардап шеккен азаматтарға медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында дәрігерлер мен психолог мамандары тартылып, ұйымдастырылды.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Тараздағы көпқабатты үйде жарылыс болғанын хабарлаған едік.

Айта кетсек, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға орнына ұшып кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау