Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда колледж студенті із-түссіз жоғалып кетті

Тараздық полицейлер бір аптадан бері политехникалық колледждің үшінші курс студенті 1997 жылғы Виктор Прокопенконы іздеп таппай жатыр. Жас жігітті іздеуге еріктілер де атсалысуда. Оның суреттері көшелерге ілініп, әлеуметтік желілер арқылы да іздеу салынған.

f8502e9d6ff6bc8314ebcb02fc55c4d4_L

Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлайды.

Баланың әкесінің айтуынша, Виктор 2 наурыз күні үйінен колледжге қарай шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Студентті сол күні колледж ауласынан көргендер бар. Алайда, одан кейінгі тағдыры белгісіз.

“Полицейлермен бірге ерікті азаматтар да іздеп жатыр. Әзірге еш нәтиже жоқ. Соңғы кезде ұлымның үлгерімі нашарлап кетті. Стипендиясынан айрылып қалды. Ал, біздің отбасымыздың жағдайы төмен. Менің ойымша, ол бір жерге жұмыс істеуге кеткен болу керек… Тіпті, не ойлайтынымды да білмеймін”, – дейді Петр Михайлович.

Ер азаматтың айтуынша, сол күні Виктор ұялы телефонын үйіне тастап, тек сим-картасын ғана алып кетіпті. Ал, жоғаларынан бір апта бұрын ол ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі өз аккаунтын және ұялы телефонындағы WhatsApp қосымшасын өшіріп тастаған.

Талқылау