Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда қоғамдық көлік жүргізушісі есірткі қолданып алып адам тасыған

«Саяхат-99» ЖШС-не қарасты №37 қоғамдық көліктің екі бірдей жүргізушісі есірткі қолданып алып жұмыстарын жалғастырған. Облыстық ІІД қызметкерлерінің қаңтардың 19 мен 21 аралығында жүргізген тексеруінің нәтижесінде белгілі болған.

жолпол

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Жамбыл облыстық ІІД қызметі жұма күнгі берген ақпаратында екі бірдей құжатсыз әрі есірткі қолданған автобус жүргізушілерін ұстағандары жайлы хабарлайды.

«Жол бойындағы тәртіпті қадағалап,тексеру барысында қоғамдық көлікті наша қолдана отырып басқарған 20 жастағы жүргізуші ұсталды. Тексере келе оның автобусты жүргізу куәлігі болмай шықты. Бағыт бойынша берілген құжаты өзі жүргізіп отырған көлікке сай болмай шықты»,- делінген хатта.

Тексере келе полиция қызметкерлері жігіттің құжаттарын алдырған. Онда оның қоғамдық көлік басқаруға рұқсаты болмай шыққан.

Әңгіме барысында түрлі жайттарды айтып бастаған жігітті полицейлер бірден наркологтың  тексеруіне алып барған. Қорытындысында азаматтың есірткі пайдаланғаны анықталған.

Тексеру барысында тура осы қаладан жол ережесін сақтамаған 27 жастағы автобус жүргізушісі ұсталған. Сұрастыра келе оның да көлік жүргізу құжаты өзімен бірге болмай шыққан. Анықтай келе  ол азаматтың да көлік жүргізуге құжатында қоғамдық көлікті басқаруға рұқсаты бомай шыққан.

Қазір бұл екі азаматтың ісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту құжаты жиналып жатыр.

Талқылау