Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда кезекті той кортежі жұртты шошытты (видео)

Той кортежімен серуендеп жүрген Тараз жастары бұрынғы жол ережесін бұзушылардан асып түсті. Белгісіз бір азаматтың қатты жүйткіп келе жатқан лимузиннен екінші бір көлікке ауысып мінгені бейнетіркеуішке түсіп қалған, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

Басын бәйгеге тіккен жігіт қатарласа қарсы бетке шыққан мына жеңіл машина терезесінен лимузинге ауысып, сәлден соң сол ізімен өз көлігіне қайта отырады. Бұл бейтаныс жігіттің ақылға қонымсыз тірлігін достары ерлікке балағандай. Қауіпті трюк жасаған азаматтың кім екенін полицейлер анықтай алмай жатыр. Ал екі машинаның нөмірлері анық көрінетіндіктен, ереже бұзған жүргізушілерді табу қиынға түскен жоқ. Тәртіп сақшылары екеуіне 10 мың теңгеден айыппұл салынып, лимузин жүргізушісі жұмыстан қуылыпты.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да той кортежін басқарғандар жол ережесін бұзып, өзге жолаушыларға қару кезенген (видео)

Қарағандыда жас жұбайлар автокрандармен ерекше той кортежін жасады (видео)

Алматыда той кортежі жолдың бойында атыс жасады (видео)

Семейде той кортежі көпір үстіндегі қозғалысты жауып тастады (видео)

Талқылау