Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда қазба жұмыстары кезінде алтыннан құйылған бағалы бұйымдар табылды (фото)

«Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешені аумағында  жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары барысында екінші қойма табылған.  Ол жерден әйел адамның алтын әшекеуден құйылған бқйымдары табылды,-деп жазды Stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі.

зат

Алғашқы қойма 2015 жылы табылған болатын. Қойма «Көне -Тараз» қаласының орталық  даңғыл жолының солтүстік бөлігінен табылған. Оны аршу барысында ішінен әйел адамға тән  асыл бұйымдар, әшекейлер шыққан.

Алтын сырға, күмістен жасалған білезіктер, 2 тұмар, оның бірі жасөспірім қызға арналғаны көрініп тұр. Мамандардың келтірген болжамдары бойынша  ол Қараханид дәуірінің зергерлерімен дайындалуы мүмкін.

зат2

Яғни, асыл бұйымдар  10-12 ғасырларға тән.  Археологтар алдағы уақытта оған ғылыми тұрғыда  зерттеу жұмыстары жүргізілген соң,  нақты уақытын айтуға болады деп отыр. Ал әзірге қолда бар деректер бойынша, асыл бұйымдар трагедиялық жағдайда жасырылған болуы керек.

«Қазба жұмыстары барысында анықталғандай, қойманың бетінде шамамен 30 см  жанған ағаш қалдықтары, кірпіш сынықтары болды. Біздің пайымдауымызша  бұл 12-ші  ғасырда орын алған жаугершілік кезінде жасырылып, қалып қойған»,- дейді «Қазархеология» ЖШС бас ғылыми қызметкері Асқар Әбілдин.

Оқи отырыңыз:

Ұлттық ұлан сарбаздары тауып алған 5 млн теңгені иесіне қайтарып берді

Ресейлік әскерилер “Ислам мемлекетінің” көсемін өлтіріп тастады

Жан Ахмадиев: Анамның айықпас дертке шалдығуына тек шындықты сүйетін өзімді кінәлаймын

ҰБТ жауаптарын сатып алғандар төмен баға алып қалуы мүмкін

 

Талқылау