Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда қайтыс болған фаст-фуд қызметкері атақты КВН мүшесінің туысы болып шықты

Тараз қаласында «Фаст фуд» жедел тамақ дайындау контейнерінде сатушы болып жұмыс жасаған қыздың біреуі 27 шілде күні №2 қалалық ауруханада қайтыс болды.

1417515343_kvn-schika-madi-raimova-osvobodili

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі 26 шілде күні  Тараз автовокзалы маңындағы «Фаст фуд» жедел тамақ дайындау контейнерінде газ баллон жарылғанын хабарлаған болатын.

Соның кесірінен, онда жұмыс жасайтын 26 және 18 жастағы екі қызды күйік шалып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер екі қыздың да жағдайы ауыр екенін, денелерінің 70-95 пайызын күйік шалғанын мәлім еткен.

Өзінің Facebook  парақшасында желісіндегі парақшасында Қазақстанның КВН мүшесі, публицист, бірнеше кітаптардың авторы Мәди Раимов қайғылы оқиға жайында жазды.

«Бірнеше күн бұрын жеңгем хабарласты. Даусын естіп қуанып үлгергенім сол еді, ол қызының ауруханада екенін, жұмысында газ баллоны жарылып күйік шалғанын айтты. Не айтарымды білмей қалдым. Жеңгем ағам қайтыс болған соң екі қызымен өз жеріне, Таразға көшіп кеткен еді. Жалғыз басына қанша қиын болса да, ешкімге білдірмейтін. Енді осындай қиын жағдайға душар болды», – деп жазады ол.

«Кейіннен қарындасым Мөлдірдің қайтыс болғанын естідік. 26 жастағы қыздың өмірі жаңа басталып еді. Достар, мен Таразға аттанып барам. Сіздердің көмектеріңіз керек. 2 тамыз күні өз кітаптарымды сатамын. Оның әрбір тиыны маңызды болып тұр. Түскен ақшаны жеңгеме берем. Оған қазір қаражат өте қажет», – деп жазады Мәди Раимов.

Жіберіп алмаңыз:

Фаст-фуд тағамдарынан бас тартқан қыз таң қаларлықтай салмақ тастаған (фото)

Америкалық жігіт фаст-фудпен бөліспеген әкесін өлтіріп, анасын пышақтаған

Талқылау