Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда ескі көліктерден резеңке плиткасы шығарылмақ

Жамбылдық «Дажан» ЖШС ескі автомобиль доңғалақтарынан жаңа өнім шығармақ. Серіктестік басшысы Марал Байгелдиеваның айтуынша, көлік шиналарын қайта өңдеп, одан пайдалы өнім шығару идеясы балалардың ойын алаңының  қауіпсіз төсемін табу қажеттілігінен туындаған.

7Ay0aL991sA

Сурет: vk.com

Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлайды.

«Осындай төсемді өңделген резеңкеден жасауға болатыны анықталды. Алайда Қазақстанда оған ұқсасы табылмай, баламасын Ресейден іздеуге тура келді, бұл елден көлік шиналарынан жасалған түрлі-түсті, серіппелі, ыңғайлы, қауіпсіз, жайлы және көп уақыт қызмет ете алатын плитка табылды. Сонымен бірге өңделген шиналардан түрлі төсемдерді шығару біздің елімізде бизнесте кемшін соғып жатқаны белгілі болды. Ал Таразда өңделген қалдықтардан өнім шығарумен айналысатын кәсіпорындар өте аз екен», – дейді кәсіпкер әйел.

Қазіргі кезде «Дажан» ЖШС автомобиль доңғалақтарының тысын резеңке үгіндісіне бөлшектеу жүзеге асырылатын кәсіпорынды іске қосуға дайындалуда. Ресейде шығарылған жабдықтар сатып алынды, шығарушы зауыт автоматты желіні орнату, монтаждауға және қызметкерлерді оқытуға көмектеседі.

Кәсіпорын қуаттылығы сағатына 500 келі доңғалақтарды өңдей алады.

Алдағы уақытта жамбылдық кәсіпорын балалар алаңдары үшін, сондай-ақ спорттық құрылыс үшін пайдаланылатын плитка, рулон түріндегі түрлі төсемді өзі шығаруды ретке келтірмек.

Байгелдиева аталған өндірістің экологиялық қауіпсіздігін атап өтті.

Талқылау