Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда ең сұлу полицей әйелді анықтады (фото)

Жамбыл облыстық полиция департаменті погон таққан әйел адамдары арасында сұлулық байқауын ұйымдастырды. Олар ең сұлу полицей әйелді анықтады, деп жазады Stan.kz.

Таразда ең сұлу полицей әйелді анықтады (фото)

Miss Police Jambyl байқауы Instagram желісінде 1 айға жуық уақыт жүргізілген. Осы уақыт аралығында желі қолданушылары өзіне ұнаған қатысушының суретіне “лүпіл” басуы тиіс еді. Жеңімпаз дауыс саны арқылы анықталды.

Сонымен, Тараздың ең сұлу полицейі деп Құндыз Бөгенбаева есімді қызметкер танылды.

“Дауыс беру сіздердің көз алдарыңызда өтті. Сіздер біздің жеңімпазды анықтадыңыздар. Сонымен, дауыс беру нәтижесі бойынша «MISS POLICE JAMBYL» байқауының жеңімпазы деп Тараз қаласы полиция басқармасы, жедел басқару орталығының испекторы, полиция лейтенанты Құндыз Бөгенбаева танылды. Жеңісіңізбен құттықтаймыз, қызметіңіз бен жеке өміріңізде табыс тілейміз”, – деп жазылған полиция басқармасының желідегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, аталған байқауға 7 полиция қызметкері қатысқан.

Таразда ең сұлу полицей әйелді анықтады (фото)

Қатардағы полицей Ахметова Ботагөз Асқарқызы

Таразда ең сұлу полицей әйелді анықтады (фото)

Полиция лейтенанты Есеева Балжан Жасұланқызы

Таразда ең сұлу полицей әйелді анықтады (фото)

Полиция аға лейтенанты Оңғарбаева Дамира Жамбылбайқызы

Таразда ең сұлу полицей әйелді анықтады (фото)

Полиция аға лейтенанты Мырзаханова Айнұр Төлеубекқызы

Таразда ең сұлу полицей әйелді анықтады (фото)

Полиция аға лейтенанты Мұсаева Фариза Жолдыбайқызы

Таразда ең сұлу полицей әйелді анықтады (фото)

Полиция капитаны Досымбекова Динара Тұрсынбекқызы

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау