Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соққыдан көлік екіге бөлініп қалды – Таразда жантүршігерлік жол апаты

Таразда болған жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін қиды. Оқыс оқиға түнгі сағат 2 шамасында қаланың орталық көшелерінің бірінде орын алған, деп хабарлады КТК арнасы.

таразский бмв

Болжам бойынша, БМВ автокөлігінің дөңгелегі жарылып, көлік жүргізушісіне бағынбай кеткен. Ақырында 21 жастағы жүргізуші қарсы беттегі жолаққа шығып кетті. Дәл сол жерде көлік алғашқы соққыны алды. Анығында, көпірдің қоршауына соғысты. Одан кейін автокөлік көлденеңінен құбыр жатқан өзенге қарай түсіп кетті. Автокөлік екіге қақ айырылды. Алған жарақаттан оқиға орнында 31 жастағы жолаушы көз жұмса, тағы бір 29 жастағы ер адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Түрлі дене жарақатын алған 37 жастағы жолаушы мен көлік жүргізушісі аман қалды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екеуі үйлеріне қайтарылды.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда жолдың ортасында тұрған көлік түгі қалмай жанып кетті (видео)

Көкшетауда полицейді әріптесін өлтірді деп айыптады

Қостанай облысында босану кезінде әйел мен сәбиі қайтыс болды

Оралдағы стадион құрылысы орнынан адам сүйектері табылды

 

Талқылау