Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда болған атыс үшін дәрігер жұмысынан қуылды

Айдың-күннің аманында болған атыстың мән-жайын анықтаған тараздық прокурорлар осындай мәлімдеме жасап отыр, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

779d4403ca9ff1f58ad6c2fd6ea

Сурет: kapital.kz 

Яғни, ақ халаттылар дер кезінде ақпарат түсіргенде талтүсте атыс болмай, полиция қызметкері де ауыр жараланбас еді дейді. Нақтырақ айтқанда, осы оқиға болмас бұрын қалада бір-бірімен жауласқан екі топтың арасындағы төбелесте оқ атылып, тентектердің біреуі жараланыпты.

Ауруханаға көмек сұрап келген ол дәрігерлерді алдап, аяғына темір кіріп кеткенін айтқан. Ал, бұған сенген медицина қызметкерлері полицияны құлақтандыруды қажет санамаған.

-“Тараз қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкері Тіленшиев мылтық даусын естіп, подъезге тығылмақшы болған қарулы азаматты қуа жөнеледі.Сол жерде Тіленшиев пен учаскелік инспектор Данияр Зәуірбек екеуі күдіктіні ұстайды. Сондай-ақ, осы күдіктінің қаруынан жараланған және бір өзге азамат қалалық ауруханаға көмек сұрап келген. Ал, оны қараған Карпович деген дәрігер бұл деректі жасырып қалған”, – дейді Жамбыл облыстық прокуратурасы басқармасы  басшысының орынбасары Дәурен Көбеев.

Бұған дейін Таразда белгісіз біреудің полицейге оқ атқанын, Тіленшиевтің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған едік. Атыста әріптесін қылмыскерден қорғаған полицейлердің марапатқа ұсынылатыны да хабарланды.

Талқылау