Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда бір сәтте 700 үйдің тұрмыстық техникасы күйіп кетті

Таразда бір мезетте көпқабатты 7 үйдің есептеуіш құралдары күйіп кетіп, жүздеген пәтердегі тұрмыстық техника жаппай бұзылған. Қазір жарамсыз болып қалған заттардың шығыны есептелуде. Дегенмен бүлінген бұйымдардың құнын шығарып әуре болудың қажеті жоқ сияқты. Өйткені электр жүйесіне жауаптылар өтемақы беруге құлықсыз, деп хабарлайды КТК арнасы.

f74cb6.dcjtb9.1ba9.hx.c3

Көпқабытты үйлердегі есептеуіш құралдар бірінен соң бірі атылып, жанып кеткен. Тоқ реттегіш қондырғының істен шығуынан үйдегі тұрмыстық техникалар жаппай күйіп, жарамсыз болып қалыпты.

«Қатты напормен свет жанды. Жап жарық болып. Залда екі люстра бар етін. Сосын 8 свет бар, соның бәрі бірінен соң бірі партылдап жанды», – дейді Тараз қаласының тұрғыны Гүлмира Сөктаева.

Жұрттың айтуынша, көпқабатты жеті үйдегі есептеуіштер жанып кеткен. Бұл – 700-ге жуық пәтердегі тұрмыстық техника істен шығып, қыруар шығынға батты деген сөз. Тіпті кейбірі әлі күнге жарықсыз отыруға мәжбүр. Осыған ашынған бұқара бүгін жиналып, Тараз қалалық электр жүйесі мекемесіне барған.

«Ол жерге барсақ, там чистый футбол. Ана жерге барыңыз, мына жерге барыңыз, біз шешпейміз дейді. Жауапсыз мүлдем. Қаланың әкімі барсаң шығады, ал мыналар шықпақ түгілі сөйлескісі келмейді адамдармен», – дейді, Тараз қаласының тұрғыны Болат Алтаев.

Ал жауапты мамандар әдеттегідей өздеріне шаң жуытатын емес. Олар трансфороматорда күннің ыстығынан апат болғанын мойындағанымен, одан есептегіш құралдардың күйіп кетуі мүмкін емес дейді. Оның үстіне үйдің ішіндегі есептеуіштерінің бұзылуына электр жүйесі мекемесі жауапты емес деп кесіп айтты. Сондықтан өтемақыдан дәмелі жұртқа сотқа арыздануға кеңес берді.

«Қазір бізде ішкі тексеру жүріп жатыр. Сотқа берсін, сот қалай шешеді солай болады. Өтемақы болады, болмайды, мен ештеме айта алмаймын», – дейді Тараз қалалық электр жүйесі қосалқы станциялары тобының басшысы Жандос Ордабаев.

Тұрғындардың сөзінше, есептегіш қондырғылардың істен шығуына тансформатордағы апат себеп. Айтуларынша, оның өзіне электр жүйесі мекемесінің өкілдері кінәлі. Яғни салғырттық жіберген дейді. Өйткені қуат көзін реттегіш құрылғы орналасқан нысанға екі электрик кіріп шыққан соң, артынша көп ұзамай түтін шығып, жарылыс болған. Сондықтан бұқара бұл істі жан-жақты тексеріп, кінәліні анықтап, өтемақы берілуін талап етуде.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан азаматтарының шетелде діни білім алуына шектеу қойылмақ

Оралда тура жанармай бекетінің қасынан балабақша салынып жатыр

Астана тұрғыны жас қызды өзінің досына 50 мың теңгеге сатып жіберген

Мысырда ұсталған 6 қазақстандықтың тағдыры әлі күнге белгісіз

Талқылау