Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда бір көше солайымен жанып кете жаздады

Таразда жеке үйден басталған өрт көрші тұрған дүкен мен ғимараттарды да шарпыған.

38 өрт сөндірушісі бір сағат бойы қызыл жалынмен арпалысып, оның жайылып кетпеуі үшін барын салған.

Үйдің тезтұтанғыш жабынынан пайда болған өрттің қалың түтіні, өрт сөндіру жұмыстарына біршама кедергі келтірген. Дегенмен құтқарушылар қауіптің алдын алып, нәтижесінде құрбан болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Алдын ала деректер бойынша өрт үйдің мұржасының жарамсыздығынан туындаған.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)

Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді

Астана полицейлері 8-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды

Мексидағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті

Талқылау