Таразда бақбақтар гүлдеп жатыр

Сәрсенбі, 13 Қаңтар , 2016 18:09

Жамбыл облысының орталығында көктемгі жылы ауа райы сезіледі. Таразда, тіпті, бақбақтар гүлдеген, ал облыс орталығынан небәрі бір сағат қашықтықта қар жатыр және аяз.

green_power_01

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстігіне құбылмалы ауа райының болуына әсер етті.  Температуралық режім түнгі  – 5 градустан күндізгі +5 градус  Цельсияға дейін ауытқып тұр.

Таразда ауа райы әлдеқайда жылы. Бұл күндері сынап бағаны +12 +14 градусқа дейін көтерілген. Бұл қаңтардың орташа жылдың температура көрсеткішінен әлдеқайда жоғары.

Осыған байланысты Таразда көк (жасыл) шөп пен гүлдеген бақбақтарды да көруге болады.

Синоптиктер ескерткендей, қаңтардың екінші жартысында Таразда күн суытады.

Қаңтардың үшінші онкүндігінде ауа температурасы  -22 – 27 дейін, кей жерлерде -32 градус аязға дейін төмендейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар