Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда айлап жалақы алмаған зауыт жұмысшылары бас көтерді

«Жамбылгипс» кәсіпорнының жұмысшылары бірнеше айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Бүгін 30-ға жуық адам зауыттың алдына жиналып, айлықтың берілуін талап етті. Ашуға мінген топ, тіпті өндіріс орнының кіре беріс қақпасын қиратып кете жаздады. Бірақ басшылар өздеріне шаң жуытқан жоқ. Кінәні қайта жұмысшылардың өздеріне артып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Безымянный2

Күнде ертең деген ертегіге сеніп бірнеше айдан бері жалақы көрмегендер бүгін осылайша кәсіпорын алдына жиналуға мәжбүр. Айлықтарын беруді талап еткен 30-ға жуық адам жұмысқа шығудан бас тартып, басшыларын бетпе-бет сөйлесуге шақырып еді. Алайда көптің онысынан түк шықпады. Күзетшілер жиналғандарды табалдырықтан аттатқан жоқ.

«Менің алты балам бар. Бәрі мектепте. Пәтерде тұрам», – дейді бұрғылаушы Нұржас Орманов.

Наразылыққа шыққандар «Жамбылгипс» кәсіпорынының таудағы бұрғылау цехында еңбек етеді. Айтуларынша, жалақылары да мардымсыз. Олар бұған дейін де бірнеше мәрте айлықтарын даулаған екен. Бірақ нәтиже болмаған.

«Арты 15, алды 35 мың-ақ болып қалды. Әйтпесе 60 мың еді алатын айлығымыз. Сол 15 мыңымызды ала алмай отырмыз. Не үшін? Жоқ ақшалары. Күтіңдер дейді», – дейді дәнекерлеуші Болатбек Айтбаев.

Ал, өндіріс орнының басшысы жұмысшылардың айтқандарын жоққа шығарып, қайта өздерін кінәләды. Айтуынша, тек бір айдың жалақысы берілмеген. Өйткені өздері айлықты көтеруін талап етіп, жұмысқа шықпай қойыпты. Екі жақты келіспеушіліктен осындай дау туындаған.

«Бұл маусымдық жұмыс. Жазда олардың жалақылары 200 мыңға дейін барады. Қазір айлықты көтере алмаймыз. Олар оны түсінбейді. Өздері жұмыс істегісі келмейді де,тіпті келмей де қояды. Енді келіп көп қаражат алғысы келеді.Бұл дұрыс емес қой», – дейді «Жамбылгипс» АҚ вице-президенті Болат Таласбаев.

Қазір «Жамбылгипстің» жұмысшыларға нақты қанша берешек екені белгісіз. Оны енді құзырлы орындар анықтамақ. Өйткені қызметкерлері еңбек инспекциясы мен прокуратураға арыз түсірді.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды түрмесінде азап көрген жігіт мүгедек болып қалған

Павлодар облысында жемқорлық туралы хабарлаған жеті адамға бір миллион теңге берілді

Түрмеде азаптаудан үш сотталушы көз жұмып, біреуі өз-өзіне қол жұмсаған

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Талқылау