Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда әйел өз-өзін ұрлау оқиғасын ойдан құрастырып, күйеуінен 3 млн теңге талап еткен

Оңтүстік полициясы Тараз қонақүйлерінің бірінен өз-өзін ұрлап кету оқиғасын ойдан құрастырған әйелді ұстады.

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Кентау полициясына 39 жастағы ер адам әйелінің жоғалып кеткені туралы шағым түсірген. Ол өзінің ұялы нөміріне бейтаныс адамдардың қайта-қайта смс жолдап, әйелі үшін 3 миллион теңге талап еткендерін айтады.

“Аталған факті негізінде полицейлер “Заңсыз бостандығынан айыру” және “Бопсалау” баптары бойынша іс қозғап, арнайы топ әйелді Тараз қаласындағы қонақүйлердің бірінен тапқан. Осыған орай тергеушілер қылмыстық істі “Жалған шағым жеткізу” бабына ауыстырды”, – деп хабарлады ІІД.

Әйел бұл қадамға ақша жетпегендіктен барғанын айтыпты. Ақша пирамидасын құрамын деп таныстарынан ақша алып, оны өз қажетіне жаратқан. Біраз уақыттан соң адамдар өз ақшасын сұрай бастайды. Қарыздарын қайтару мақсатында ол өз күйеуінен ақша алмақ болып, жалған ұрлау оқиғасын құрастырған.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте мас ана 7 айлық сәбиін қайда қалдырғанын ұмытып қалған

Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшесі ұсталды

Үш баланың анасы өз өлімін видеоға түсірді (видео)

Алматы тұрғыны көлігін соғып кетіп телефон нөмірін қалдырған бейтаныс әйелге ризашылығын айтты

Талқылау