Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда күйеуімен ажырасқан әйел 5 баласымен көшеде түнеп жүр

Тараздағы көпбалалы ананың тағдыры жұртты алаңдатып отыр. Себебі жалғызбасты әйелдің пәтер жалдауға мұршасы болмай, бес баласымен бес күннен бері далада түнеуге мәжбүр. Жанар Қуандықованың ұл-қыздары қазірдің өзінде шетінен сырқат, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0236

Бес баласын бауырына басқан келіншек ашық аспан астында тұрып жатыр. Жерге көрпе төсеп, мына жатақхана ығын бес күн бойы паналауда. Жатын орны, ас болмесі бәрі осында. Жоқшылық жанына батқан жандар суыққа төзімділік танытқанымен, аштыққа шыдай алатын емес.

“Қарным ашты” деп жылайды балаларым. Нан мен су әкеп беремін.  Үш-төрт күн болды ыстық ауқат ішкен жоқ балаларым”, – дейді “Күміс алқа” иегері Жанар Қуандықова.

Күйеуімен ажырасқан Жанардың жеті баласы бар. Екеуі есейіп тұрмысқа шыққанымен, жақындарына қарайласуға мұршасы жоқ. Ал бес баланың ең кенжесі төртте, өзгесі мектеп жасында. Олар бес күннен бері сабаққа бармаған. Жалғызбасты әйел жұмысынан босап қалған. Сөйтіп қаржы таппай пәтерінен қуылыпты. Барар жері, басар тауы қалмаған ол әкімдіктен еш жәрдем жоқ деп отыр. Ал, шенеуніктер кінәні келіншектің өзіне жапты.

Айтуларынша, Жанар Қуандықова 51 мың жалақы әрі ай сайын “күміс алқа” иегері ретінде алатын 35 мың теңгені місе тұтпаған. Тіпті ішімдікке әуестігі бар деп салды. “Қоғамдық жұмыстың мерзімі бітуіне байланысты ол қазір жұмыссыздар тізімінде. Оған 8-ші мектепке тұрақты жұмысқа жолдама берілгенімен бас тартып отыр. Оған кәсіптік біліктілігін арттыру үшін оқу да ұсынылған, одан да бас тартты”, – дейді Тараз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбахрам Дүйсекова.

Әйтсе де, билік өкілі “күміс алқа” иесі далада қалмайды деп сендіреді. Оны бүгін полицейлер дағдарыс орталығына ертіп апарған. Бірақ әйел мұнда қыстап шығуға қарсылық білдіріп, кетіп қалыпты.


Жіберіп алмаңыз:

Жолдасымен ажырасқан Әрінова ұлын қалай тәрбиелеп жатқанын айтып берді

Мысырлық жігіт 20 жыл ішінде 300 рет үйленіп ажырасқан

Меруерт Түсіпбаева: Ажырасқан соң отбасылы адамға ессіз ғашық болдым

Ажырасқан келіншек тоқалдармен күресетін мектеп ашпақ

Талқылау