Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда әскерилер жоғалған 6 жасар баланы иісшіл ит көмегімен тапты

23 ақпанда кешке қарай Тараз қаласының тұрғыны Арайлым Өмірәлиева Ұлттық ұланның әскери жасағына 6 жасар баласы жоғалып кеткенін, соны табуға көмек көрсетуін сұраған.

20160224170345

Баланың түсте үйінен қаладағы 12-ші шағынауданда орналасқан компьютер клубына сұранғанын, содан кейін оралмағаны анықталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланның «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Ақпаратты алған соң арнайы топ жасақталып, оған әскери жасақтың басшысы, сарбаздар – Азамат Асылбек, Айдос Дәулетқұлов, Тайыр Ыбырайымов, кинолог – сержант Ерболат Асановтар іске кіріседі. Олар иісшіл итті ертіп бала жоғалған жерден бастап іздеуге кірісіп кетті.

Иісшіл ит компьютер клубыынң жанынан баланың ізін табады. Ізді бойлап жүрген топ баланы қаладағы Мәдениет үйінің жанынан тапты. Ол үйіне аман-есен жеткізілді.

Қалмахан Бекнұрдың айтуынша, ойынға беріліп кеткен ол уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалған. Анасы Арайлым Өмірәлиева әскери жасаққа жедел жұмысы мен кәсібиліітері үшін алғысын білдірді.

Талқылау