Таразда адам өлімімен аяқталған атысқа қатысы бар алты адамға үкім шығарылды

Бүгін Таразда адам өлімімен аяқталған атысқа қатысы бар алты адамға үкім шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 6 қарашасында болған атыстан жеті адам жараланып, бір адам мерт болды. Екі адамның ерегесі атысқа ұласып, Жамбыл  ауданы Қаракемер ауылының 30 жастағы тұрғыны көз жұмған еді.

Аталған оқиғаға қатысы бар адамдардың үстінен 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Сот процесі Тараз қаласындағы  мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының ғимаратында өтті.

Айып тағылғандар: Н.Тлеубеков (бұзақылық, ұрлық, қару ұрлау, адам өлтіру және өлтіруге әрекет жасау), Р.Маймақов (бұзақылық), С.Ниятоллаға (бұзақылық), О.Жапаров (бұзақылық), С.Амантаев (бұзақылық, ұрлық және қару ұрлау), М. Нұрлыбаев (ұрлық және қару ұрлау). Судья Жамбыл Жұмабеков айыпталушы Тілеубековті – 17 жылға, Маймақовты  – 6 жылға, Ниятолланы – 3 жылға және Амантаевты 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жапаров қана жазасын шартты түрде өтейтін болады.

Оқи отырыңыз:

20 жастағы алматылық жүкті әйелдің өлімі: Перинаталды орталықтың директоры жұмыстан қуылды

Шымкентте 7-сынып оқушысы бала босанды 

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз желіде танысқан адамдардың үйінде жасырынған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар