Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда 16 жастағы жігітті ұрып-соғып, өлтіріп кетті

Таразда белгісіз біреулер 16 жастағы жігітті соққыға жығып, өлтіріп кетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп.

Таразда 16 жастағы жігітті ұрып-соғып, өлтіріп кетті

Қайғылы жағдай туралы 20 қыркүйекте кешке белгілі болды. Белгісіз біреулер 16 жастағы жігітті Абай даңғылы бойындағы «Қазфосфат» аялдамасының жанында өлімші етіп ұрып-соққан. Қатты соққыдан ауыр жарақат алған жігіт дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Қазір осы факті бойынша полиция «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, іс ІІД-нің бақылауына алынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау