Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда 13 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды

Жамбыл облысында өгей қызын зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты. 13 жастағы жеткіншекті бір жыл бойы азаптап келген Шу ауданының тұрғыны 16 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды КТК арнасы.

15

Психикалық ауытқушылығы бар қыз өгей әкесінен жәбір көріп жүргенін анасына түсіндіре алмаған. Тек аяғы ауырлап, жүктілігіне үш ай толғанда ғана шешесі азаматтық некедегі күйеуінің қызымен төсектес болғанын түсініпті.

Тергеу барысында, педофилдің ішімдік ішкен сайын қаршадай қызды ермек қылатыны анықталған. Алайда 44 жастағы азамат әлі күнге өз кінәсін мойындамай отыр. Енді ол 16 жылға түрмеге қамалып қана қоймай, 1 млн теңге моральдық шығын төлейтін болды.

Талқылау