Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз тұрғыны грант қорытындысында шикілік барын айтты

Желі қолданушысы кеше ғана сайттарда жарияланған грант тізімінен өз туысын таппай отырғанын жазған. Оның сөзінше  қайнысы (әйелінің інісі) таңдаған 4 мамандық тізімінде де жоқ болып шыққан,-деп жазды Stan.kz.

грант

Жинаған баллы жетпей қалған болар дейін десе  одан аз жинағандар тура сол мамандықтарға грантпен түсіп кеткен. Одан қалса тізімдегі грант саны бөлінгеннен аз дейді белсенді.

«Қайным қайда, БҒМ?

Бүгін Грант иегерлерінің тізімі сайттарды шарлап кетті ғой. Тізімді мен де ашып қарадым. Қайным оқуға тапсырған еді. Тізімнен таба алмадым. Қайным 110 балл жинаған болатын. Басында “қап, түспепті ғой” деп отырғанмын. Бірақ тізімде шикілік бар секілді көрініп тұр.

Қайным ең әуелі “жалпы медицина” мамандығы бойынша Асфендияровты таңдаған екен. Отырып алып осы мамандыққа түскендерді қарап шықтым. Қайнымнан төмен алған 63 оқушы грант иегері атаныпты. Тіпті, 83 баллмен түскендер де бар.

Екінші таңдаған университеті “Астана медициналық университеті” екен. Ол жақта да тура солай. Қайнымнан төмен алған 182 оқушы “жалпы медицина” бойынша грант иеленіпті. Бұл жақта тіпті 65 баллмен түсіп кеткендер бар.

Үшінші университеті “Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы” екен. Бұл жақта да “жалпы медицина” бойынша 110 баллдан төмен жинаған 28 студент грант иегері атанған.

Орыс группасы шығар дейін десем, пәленбай талапкердің бәрі орыс тобына тапсырмаған шығар.

Айтпақшы, Денсаулық сақтау министрлігі биыл “жалпы медицина” бойынша 2700 грант бөлдік деп хабарлаған еді. Ал тізімде 2694 талапкер тұр. Қалған 6 орын қайда кеткені белгісіз.

Әйтеуір, сол жоқ алтаудың біреуі қайным шығар деп келіншегімді жұбатып отырмын»,-деп жазған Абай есімді желі қолданушысы.

Оқи отырыңыз:

2017 жылғы ең танымал мамандықтар тізімі жарияланды

Алматы облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда жол апатына ұшырады

Астанада ұстаздардан ақша жинап, қысым көрсеткен мектеп директоры орнынан кетіп тынды

Ең аз баллға грант бөлінген мамандықтар анықталды

Биылғы грант иегерлерінің тізімі жария етілді

Талқылау