Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздық жігіт байқамай күйеуі бар келіншекті алып қашқан

Таразда қыз алып қашпақ болған жас жігіттердің әрекетіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің “Адам ұрлау” деп аталатын 125 бабына сәйкес сотқа дейінгі тексеру басталып кетті.

pokhishhenie

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

“2016 жылы 8 қарашада 17:00-де Таразда бір топ жігіт қызға күш қолдану арқылы оны көлікке отырғызып, Рысқұлов ауданына қарай алып қашқан. Оның қарсылығына қарамастан үйлену мақсатында оны алып кетіпті. Қыз өзінің тұрмыста екенін айтса да, жігіттер оған сенбеген”, – деді прокуратура.

Тергеу барысында жігіттердің “ұрлық” жасау кезінде шатасып мүлде басқа, яғни, тұрмыстағы келіншекті алып қашқандары белгілі болады. Жамбыл облыстық құқық қорғау органдарының мәліметінше, өңірде қыздың келісімінсіз алып қашу үрдісі әлі тыйылмай тұр екен.

Оқи отырыңыз:

Жолаушы көлікте қалған ақшасын қайтарғаны үшін таксиске үй мен көлік алып берген

Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Шашын қызылға бояп, шарап ішетін енелер кімге үлгі болмақ?

БҚО-да байлаулы тұрған ит босанып кетіп қойға шапты

Талқылау