Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз полициясы көшеде білгенін істеген қымбат көлік иелерін іздеп жатыр (видео)

Таразда қымбат шетелдік көлік жүргізушілерінің жол ережесін өрескел бұзғаны түсірілген видео интернетте көпке танымал болып үлгерді.

photo_179696

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Үш Toyota Land Cruiser, бір Porsche Cayenne, бір Lexus LX 570 және бір BMW X5 көлігі қарсы жолаққа шығып, жол-көлік қозғалысына қауіп тудырған. Наурыз айының басында болған бұл оқиға туралы Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті мәлімет таратты.

«Видеодерек бойынша тексеру жүргізіліп, жол талғамайтын көліктер Тараз қаласындағы Айша бибі көшесінің бойымен жүргені анықталды. Екі көлік Жамбыл облысында тіркелген. Жергілікті полиция жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Олар көліктердің қайда екенін анықтап, олардың иелерін ұстауы керек. Анықталған көліктер туралы деректер «Автодауыл» аппараттық-бағдарламалық кешеніне енгізілді», – делінген хабарламда.

Полиция жүргізіліп жатқан жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұл туралы БАҚ-қа қосымша хабар таратылады деп сендірді.

Талқылау